Құттықтау Рымкулов Жанғабыл Алтынбекұлы (құдалары)

Ағайынға да, құдаларға дажібекмінез, ықыластымейірімментанылған аса құрметті құдамыз Рымкулов Жанғабыл Алтынбекұлы, сізді бүгінгі 60 жас торқалы тойыңызбен құттықтаймыз!

Деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз!

Алдағы 70, 80, 90 жас асуларынан сүрінбей өтіп, 100 жасқа да жетуіңізді шын жүректен тілейміз!

 Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
Қуаныштың кемерінен тасыңыз.
Әрқашанда мықты болып денсаулық,
Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,

 Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,

 Бала-шаға қызығына кенеліп,

 Ортамызда аман-есен жүріңіз!

 

Ізгілікті нұрын шашар манайға,

Адамсыз ғой үлгі болар талайға.

Ықыласты өзіңізден көп көрген,

Ұмытпайды құдаларыңыз қалайда!

 

Үлгі болған үлкенге де жасқа да,

Сыйлар сізді құда-жекжат, басқа да.

Бақытты боп бұл өмірде мәңгілік,

Қуатыңыз таусылмасын 100 жаста да!

Ізгі тілекпен: құдалары – Камелұлы Шекен және Камелұлы Қасен әулеттері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture