Қымбатты әкеміз, аяулы жар Кемешев Асет! Бүгінгі 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз! Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, немерелеріңіздің қызықтарына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!
Тұлпардай болшы, қартайма, әке,
Сұңқардай болшы, шалқайма, әке.
Шаңырақ шаттық кереге болып,
Көңілің түсіп, ортайма, әке!
Ардақты әке, құтты болсын 63 жасың,
Ақкөңіл жарқын жүзің нұрға толсын.
Біз үшін асқар таусың баға жетпес,
Тірегіміз тірліктегі бір өзіңсің.
Өмірдің сан белесін өткердіңіз,
Ащысын-тұшысын да көп көрдіңіз.
Ел жұрттың құрметіне бөлендіңіз,
Ұрпақтарың соңыңнан ере берсін.
Анамыз бен екеуіңіз көп жыл жасап,
Тәңірім! Қызығын балалардың бере берсін.
Т/б: жұбайы – Күлімхан,
балалары, немерелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login