Бас прокуратура өкілдері балқаштықтардың сұрақтарына жауап бермек. 15 маусым күні облыстық құқықтық статистика комитеті басқармасының басшысы Сәттар Әбу-Әли Балқашқа келеді. Нұр Отан партиясының ғимаратында таңғы 11-ден бастап тұрғындар сауалдарына жауап беріп, құқықтық көмек көрсетеді. Алайда, жеке қабылдауға төмендегі телефон нөмірлері арқылы алдын-ала жазылу керек. WhatsАpp желісі де іске қосылған. Кездесуде сотталаған-сотталмаған туралы анықтама алудың жаңа ережесі, бизнес нысандарын заңсыз тексеру және сотқа, прокуратураға жүгіну тәртібі түсіндіріледі.
Гүльзира Жүнүсова – Балқаш қ. бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокурор
«Қазір қабылдауға алды-ала жазылу жүргізіліп жатыр. Телефон арқылы тұрғындарға қатысты мәліметті жазып аламыз. Ал, сол күні келген адамдар өтініш толтырады».
ҚР Бас прокуратурасының облыстық Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасы басшысының қабылдауына жазылу
Қабылдау күні : 15 маусым, сағ:11.00
Кеңес беруші: Саттар Әбу-Әли Анарбайұлы
Байланыс телефоны: +7-(71036)-6-82-78, +7-777-485-22-88
WhatsАpp: 7-701-527-39-53
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login