Балқаштық кикбоксшы қыз Қазақстан чемпионы атанды

Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан Чемпионатынан олжалы оралды. Жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында өткен Республикалық сайыста 11 жерлесіміз Қарағанды облысының намысын қорғады. Соның ішіндегі алтауы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен барып, үшеуі жүлдемен қайтты. Араларындағы жалғыз қыз Аяулым Кенжеханова үкілі үмітті ақтап, чемпион атанды. Ол  ақтық сында шымкенттік спортшымен кездеседі. 3 раундқа созылған жекпе-жекте, қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп шығады. Осылайша 13 жастағы кикбоксшы қыз 36 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанып, облыс қоржынына алтын салды. Бұл сайыста балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тағы екі спортшысы күміс пен қолаға қол жеткізеді. Олар 14 жастағы Қанат Балағанов пен Нұрәділ Алпысбаев.

Аяулым Кенжеханова-Кикбокстан өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы
» Қарсыласым Шымкенттің қызы болды. Ол қолмен жақсы бокстасты. Мен қолмен де, аяқпен де бокстастым. Аяқпен тепкенде алты рет тебу керек болды. Мен алты рет тептім. Жаттықтырушымның артқан үмітін ақтадым деп ойлаймын».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture