Балқашта пластик қалдықтарына арналған қоқыс жәшіктер пайда болды

Балқаш аулаларында тор көзді жаңа жәшіктер пайда бола бастады. Онда пластикалық қоқыстар бөлек жиналып, пайдаға жарайтын болады. Ал бүгін соның екеуі орнатылды.
Енді жасыл түсті  жәшіктерді көрсеңіз оған тек пластикалық қоқыстарды салыңыз.Мұндай тор көзді ыдыс- политэленді пакет, 5 литрге дейінге бөтелкелерді тастауға ыңғайлы етіп жасалған. Ол үшін ақпараттық тақтайшада ілінген.

Эмин Унанян – кәсіпкер
«Пластикалық бөтелкелерді және оны қаптайтын пакеттерді, қатты полиэтилендерді салуға болады.Бұған 5 литрлі бөтелкеде сияды. Алдағы уақытта осындай жәшіктерді қала бойынша қоямыз. Жағалауға да орнатамыз. Жәшіктердің көп болғаны қала үшін жақсы».

Осындай контейнер Қазбекова мен Томпиев көшесіндегі екі аулаға орнатылды. Енді оған тұрғындар бөтелкеден өзге кез-келген пластикалық затты яғни, опа-далаптардың сыртын, шелек, қаламдарды тастай алады. Бірақ, бөтелке қақпақсыз болса абзал. Өйткені, ол қайта өңделуге келмейтін қоспадан жасалған. Ал қаладағы мұндай өзгеріс тұрғындардың көңілінен шығуда.

Мамандардың есебінше, балқаштың бір тұрғыны бір жылда 350 келі қоқыс тастайды. Оның үштен бірі пластикалық бөтелкелер. Ал мұндай қоқыстар полигонда жылдар бойы жатып, тек бір ғасырдан кейін ғана шіриді.

Ал әзірше Балқашта іріктелген қоқыстарды өңдейтін цех жоқ. Ол болашақтың жоспары.Сондықтан,сұрыпталған пластиктер басқа қалаға жіберілмек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture