Қырық күндік ас Бабайбек Маржан Оналқызы

Шұбартау ауылының тумасы

Тәжікеев Несіпбай келіні

Руы – Карсон, Бабайбек Маржан Оналқызының өмірден өткеніне 40 күн өтті.

Қырық күндік асы «КОСМОС» дәмханасында 10 маусым күні сағат 11.00-ден бастап беріледі.

Асқа ағайын-туыс, құда-жекжаттарды, көрші-қолаң, бірге істеген еңбек ұжымы мен жолдастарын және анамызды танитын барша жамағатты шақырамыз.

Ауызашар сол күні кешкі сағат 21.00-де «КОСМОС» дәмханасында беріледі.

 

Жаны жайсаң жан едің жарқылдаған аяулы,

Кім ойлаған болар деп бақилығың таяулы.

Қырық күн де өтіпті-ау сіз кеткелі арадан,

Күндер өтіп барады, жылдам бірде баяулы.

 

Болып едің отбасының тірегі,

Біздер үшін алаңдаған үнемі.

Амалсыздан қала бердік жаутаңдап,

Жабырқаулы үш балаңның жүрегі.

 

Сіз кеткелі жүрміз біз де сағынып,

Әкем кетіп өзің боп ең бар үміт.

Енді бізді шығарып сап көзіңмен,

Келген кезде кім күтеді сарылып.

 

Сағыныш жүректерді тілімдеген,

Жансыз бейнең төрімізде күлімдеген.

Сіз барда сәл қуаныш – үлкен бақыт,

Сіз барда мұң да тіптен білінбеген.

 

Сіз барда бақыттан шуақ шашқан,

Арайлап атушы еді әрбір ақ таң.

Жан Ана! Жарық болып жатқан жерің,

Жаныңыз жай тапсыншы Жәннат бақтан!

 

Алланың рахметіне бөленіп,

Пейіште нұрың шалқысын!

Жаныңыз жәннатта болсын, жан Ана!

Хабарлаушылар: ата-енесі: Несіпбай – Күлгиза, балалары: Әсем – Мәулен, Әсет – Салтанат, Мади, немере – жиендері, Тәжікеевтер әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture