Құттықтау Кемелбекова Айару Айдосқызы

Біз бүгін кішкентай ғана балапанымыз Кемелбекова Айару Айдосқызын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тек жақсылықтарын берсін! Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын! Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылығы туған-туыстарына қуаныш әкелсін!

1 жасқа толдың міне бүгінде,

Құлыным бақытты бол өмірде.

Жұлдызың жана берсін әрқашан,

Тек қана шаттық болсын көңілде.

 

Тәй-тәй басқан, құлыным!

Келдің міне, 1 жасқа.

Гүліміз болып өсе бер,

Сенің жөнің бір басқа.

 

Сүйіктісі Алланың,

Сен болғайсың, құлыным.

Байлық емес бақ беріп,

Ұзақ болсын ғұмырың.

 

 

Томпиған бөпеміз, Айару,

Қабыл ал тілегімізді,

Туған күніңе арнаған.

Ғұмырың ұзақ, денің сау болсын,

Сүп-сүйкімді былдырлаған сөзің де,

Тәп-тәтті ғой қылығың да, өзің де.

Бақыт оты жанып тұрсын көзіңде,

Жақсылыққа бастайтын,

Бір қызы  болшы халқыңның.

 

Туған күнің құтты болсын, Айару

Міне, бүгін арайланып атты күн.

Ашық күндей жайдарлы бол, жан балам,

Қуанышым, құлыншағым, шаттығым.

 

Т/б: апасы — Зыят, ата- анасы: Айдос — Айнұр,

ағасы — Нұрдос.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture