ЭКСПО аясында өтетін шаралардың билет бағасы белгілі болды

ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесі аясында өтетін концерттер мен көрменің билет бағасы белгілі болды. Үш ай бойы көрермендер үшін 3 мыңнан астам шаралар ұйымдастырылмақ. Билеттер 6 -дан 28 мың теңгенің аралығында сатылмақ. Ал концерттердің ішіндегі ең қымбаты шетелден шақырылған «Би-2» мен «Мумий Тролль», Полина Гагарина, Егор Крид, Эроса Рамазотти, «BlackStarParty»-дікі.Оларды тамашалау 6 –нан 28 мың теңге тұрады. Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің билетін сатып алмасаңыз, кейбір шараларға кіру мүмкін емес.Оның ішінде «Цирк дю солей» бар. Цирктің бағасы 4-6 мың теңге. Сонымен қатар, Астанаға келген көрермендердің назарына хореграфиялық шоу, түрлі музыкалық аспаптарда ән-күй, опера, қолөнер көрмелер, мюзиклдар ұсынылады. Оның билеті 1000 теңгеден басталады. ЭКСПО жайлы толық ақпаратты Оркен-Медиа.кз сайтынан оқи аласыздар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture