Балқашта көлік қаққан 20 жастағы қыз әлі жан сақтау бөлімінде жатыр. Зардап шегуші есін біледі, бірақ дәрігерлер жағдайы әлі тұрақты ауыр деп отыр. Ол ішінен жабық соққы алған. Соның салдарынан бауыры үзілген. Оған қоса жамбас сүйегі сыныпты. Көп қан жоғалтып, миы шайқалған.
Еске сала кетейік, бұл оқиға өткен сенбіде, кешкі он жарымда Қадыржанов көшесінің бойындағы Эльдорада дүкенінің маңында болды. «Мерседес» көлігін тізгіндеген жүргізуші жүйткіп келіп, жолақтан өтіп бара жатқан бойжеткенді қағып өткен. Куәгерлердің сөзінше, зардап шегуші бірнеше метрге ұшып кетіпті. Ал, көлік иесі болса, оқиға орнынан ізін суытқанымен, көп ұзамай қолға түседі. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
«Зардап шегушінің бауыры және құрсақ қуысы зақымданғандықтан 1.5-2 литр қан жоғалтқан. Әкелген бетте операция жасап, қан құю жұмыстарын жүргіздік. Қазір жан сақтау бөлімінде. Егер жағдайы жақсарса, жұма күні палатаға ауыстыруымыз мүмкін.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login