Балқашта «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын бастады

Балқашта «Жасыл ел» еңбек жасағы жұмысын бастады. Үш ай бойы жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер, жұмыссыз жүрген жастар кезектесіп қаланың абаттандыруына ат салысатын болады. Бүгінгі 20 адамнан құралған алғашқы топ таңғы сағат 8-де еңбекке кірісті.
«Жасыл ел » бағдарламасының мүшесі атанып, іске білек сыбана кіріскен студент Әкім Арманұлы. 17 жастағы болашақ бағдарламашы биыл екінші рет қаланың абаттандыруына ат салыспақ. Тәжірибелі жас биыл бригадир көмекшісі деген міндетті атқармақ.

Әкім Арманұлы — «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы
« Былтырғы жылы соы жердегі жұмыс істеп жүрген адамдар қатты ұнады.Ақшасыда, төлемі жақсы. Сондықтан осы жерге келдім».

Үш ай бойы табиғат жанашырлары қала саябақтары мен орталық алаңдарда арам шөптерді жұлып, ағаш-талдарды суарып, гүлдерді күтетін болады. Ал ол еңбекті бригадир Балтыбай Сағындыков қадағалайды.

Балтыбай Сағындықов – «Зеленстрой» ЖШС бригадирі
«Жасыл елмен жұмыс істеп жатқаныма 5 жыл болды. Жыл сайын осындай балалар келеді, студенттер.Солармен жұмыс жасаймыз.Осы айға 20 бала келді. Арам шөп жұламыз,кустарниктерді қиямыз.»

Еңбек отряды әр айға 20 баладан бөлінеді. Олар таңғы сағат 8-ден бастап түскі үшке дейін қызмет атқарады. Осы сәтте айта кетейік, Жасыл ел бағдарламасының жалақысы биыл өсті. Бір жұмыскердің қолына 45 мың теңге тиесілі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture