Балқашқа жаз қашан келеді

Синоптиктердің айтуынша Балқашта осы апта жаңбырлы болады. 9, 10 және 13 маусым күндері жауын-шашын жауады деп күтілуде. Сонымен бірге, жел көтеріліп, оның жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жетеді. Ал, 8,11,12 күндері ауа-райы ашық болады, деген болжам бар. Жалпы апта бойы сынап бағанасы күндіз +22-27, ал түнде +10-15 градусты көрсетпек.

Анастасия Грязнова – инженер- синоптик
«Күн жаңбырлы болғанымен ауа-райы жылы болады. 13 маусымға дейін жел оңтүстік батыстан соғады. Сондықтанда ауа температурасы күндіз +27 °C дейін көтеріледі. Ал, түнде +15 °C дейін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture