Балқашқа тұран жолбарыстары қайтып әкелінбек! Қазақстанда аталыш жануардың популяциясы жанданады. Қазір ол үшін дайындық жұмыстары басталды. Жоспар бойынша, 5-6 жылдан кейін төрт аяқтылар Балқаштың оңтүстігі мен Іле өзенінің аймағына қарай көшірілмек. Себебі, ол жақтың табиғаты жан-жануарларға қолайлы дейді,ғалымдар.Ал хайуандардың мекендеуіне кем дегенде 500 мың гектар жер қажет. Және сол аймақта олардың санын 100-ге дейін жеткізу көзделіп отыр. Алайда, жобаны іске асырмас бұрын тұран жолбарысы қызыл кітапқа енуі керек. Өйткені, ол құжатсыз Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы жұмысқа кірісе алмайды.
Сергей Скляренко, «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» ФК «Биотүрлiлiк» тақырыптық кеңесiнiң вице-президентi:
«Бұл жоба ұзақ мерзімді. Тұран жолбарыстарының қазақ жеріне оралуы уақытты талап етеді. Ресей тарапы бұл бастаманы қолдап, Амур жолбарыстарын Қазақстанға жолдауға көмектесуге әзір. Және сәтті болады деген сенімдеміз».
kapligroz | 01.03.2017
Дежурный Редактор | 05.12.2025
Дежурный Редактор | 05.12.2025
Дежурный Редактор | 04.12.2025
Телеканал "Оркен- Media" Балхаш © 2017 Все права защищены.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login