11 мыңнан астам балқаштықтың медициналық сақтандыру жүйесінде статусы белгісіз

Балқаш қаласы бойынша 11 мыңнан астам тұрғынның статусы белгісіз. Бұл адамдардың мәртебесі бірыңғай базаға енгізілмеген. Ал жалпы шаһарда ересектер тобына ,яғни 18 бен 63 жас аралығында 52 мыңнан астам тұрғын бар. Бүгінгі күні оның 11 мыңдайы статуссыз тіркеліп тұр. Бұл дегеніңіз, № 1 және 2 емхана бөлімшелеріне қарайтын тұрғындардың жұмыс істейтіндері немесе жұмыссыз екендіктері, қандай бір топта жатқызылатындықтары белгісіз.

Ем саласының сапасын арттыру мақсатында енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап іске асады. Сондықтан ол уақытқа дейін әрбір тұрғын емхана бөлімшесіне не болмаса жұмыспен қамту орталығына барып өз мәртебесін анықтауы керек. Себебі, сол кезден бастап жұмыс беруші қызметкерлеріне медициналық қорға ақша аударатын болады. Сол арқылы сіз тегін дәрігер көмегіне ие боласыз. Әйтпесе, медициналық жәрдемнен құр қалуыңыз ғажап емес.

Гүлзира Қосжанова- №2 емхана бөлімшесінің бөлім меңгерушісі
«Тұрғындар бірыңғай база арқылы өздерінің статустарын біле алады. Ол үшін емхана бөлімшелерінің тіркеу бөліміне немесе жұмыспен қамту орталығына келсе болғаны. Жеке куәлікті ала келу керек.Ал өздерін жұмыспен қамтып отырғандар болса 1 шілдеден бастап қорға ақша салу қажет».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture