Руы – Кәдір-Сарым, Кеншоқы совхозының тумасы, Мадиев Айдос Карғұлұлының өмірден өткеніне 8 маусым күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 8 маусым күні сағат 18.00-де Қарағанды қаласы Майқұдық «АЛТЫН» мейрамханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға хабарлаймыз.
Қырық күн өтті, Сізді жоғалтқалы,
Сұм ажал жан-жағыңа қаратпады.
Әйтеуір, елде қалды жақсы атың,
Алланың бұйырсын тек жұмақ бағы.
Ерте кеттің бұл өмірден аттанып,
Қараңғыға қара жерді жастанып.
Найзағайдың жасынындай жарқ еткен,
Қалды елесің көкіректе жатталып.
Топырағың торқалы,
Қабірің болсын шуақты.
Пейіштің төрі өзіңе,
Лайық болсын әрдайым!
Пейіште жатқан орының,
Жарық болсын әрдайым!
Дұғамызды бір өзіңе,
Бағыштаймыз қол жайып.
Хабарлаушылар: бауырлары – Мадиевтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login