Шаңырағымыздың қорғаны, тірегі, асқар таудай әке, аяулы жар Таштонайұлы Тоқтасынды бүгінгі қамал бұзар 40 жас мерейлі туған күнімен құттықтаймыз!!! Зор денсаулық, жасың ұзақ, еңбегің жемісті болып, басыңнан бақыт, жаныңнан жақсылық, жүрегіңнен жылылық кетпесін деп тілейміз!
Бүгінгі күн өзгерек басқа күннен,
Тілегімді айтармын асқақ үнмен.
40 жасқа келіп жатыр аяулы жар,
Асаба тойымызды басқар жырмен.
Балаңның нұрысың, тіреуісің,
Менің де дем беретін сүйеуімсің.
Жаратқанға мың алғыс берген сені,
Сен дегенде тасиды білеу күшім.
Шығыпсың 40-жастың қырқасына,
Береке бірлігісің отбасында.
Бақытты ғұмыр кешіп жүре берші,
Демекпіз жанұяңның ортасында.
Қыран құстай қырағы әкем,
Бәйтерек тектес шынарым, әкем!
40 -жаста да еңселі кеуде,
Мақтаныш етер ұраным,әкем!
Анашыммен бақытты өмір сүріңіз,
Бір қуанып, бірге шатты күліңіз.
Асқар тауым, панам болып әрқашан,
Ешқашан да болмасын сыр, мұңыңыз!
Еркелеттің сөзімді екі еткізбей,
Қорғайсың маған пана жел өткізбей.
Әке деген атыңнан айналайын,
Өзіңізді АЛЛА жүзге жеткізгей!
Т/б: жан-жарың Нұрбота
ұлың Азамат
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login