Қарағанды облысының Мыңбаев ауылынан сиырдан пастереллез ауруы шықты. Қазір дерт жұқтырған ірі қараларды антибиотиктермен емдеуде. Оған қоса, ветеринарлық зертхана барлық малдардан қан сынамасын алып тексеріп жатыр. Нұра ауданына қарасты екі ауылдан 82 бас ірі қараның аталмыш ауруға шалдыққаны анықталды. Бүгінгі күні бұл малдар жеке қораға оқшауланды. Жергілікті билік ауырған төрт түліктерді дәрі-дәрімекпен емдейтін болады. Бастысы, мұндай малдар сойылып, сатылымға қойылмайды. Сондықтан, тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.
Әлия Бегдербекова – Ветеринария бөлімінің жетекші міндетін атқарушы
» Балқаш қаласына ет өнімдері Ақтоғай ауданынан, аудандағы село-округтерден келеді. Ет Балқаш қаласына келгенде міндетті түрде ветеринариялық сараптамадан өтеді.Сараптау екі нысанда жүргізіледі.Фарш өнімдерін сатуға тыйым салынды.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login