Балқаш жаңалықтары 5 маусым 2017

Балқашта 20 жастағы қызды жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлік қағып кетті. Оқиға өткен сенбіде, кешкі он жарымда Қадыржанов көшесінің бойындағы Эльдорада дүкенінің маңында болған.

Рәміздер күніне орай 25 ақ көлік, 10 байкер мен 80-нен астам велосипедшілер қала көшелерімен жүріп өтті. Басты нышанды қолдарына ұстап, балқаштықтарды мерекемен құттықтап шықты.

Екі мың балқаштық бір адамдай болып Қазақстанның Әнұранын шырқады. Жүзден аса көк ту Желтоқсан көшесін патриоттық әлемге айналдырды.

Балқашқа эковелосипедпен қырғызстандық өнертапқыш келді. Оның екі дөңгелекті көлігі жел генераторымен жұмыс істейді.

Қала ішінде алғаш рет қансорғыштардың көзін жою шаралары жүргізілді. Тендерлік байқауды ұтып алған Қарақаралы қаласының жеке меншік фирма қызметкерлері дезинсекция жұмыстарын іске асырды.

Профилактикалық жұмыстарды іске асыру мақсатында жұмысшылар кентінде 1 апта бойы жарық толық берілмейтін болады.

Ленин көшесіндегі 4 үйдің тұрғындары аулаларында балалар алаңының жоғына, жол салынып, жарық тартылмағанына шағым жасауда.

Балқашта еркін күрестен Ержан Долбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Оған еліміздің түрлі өңірінен 14 команда жиналды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture