Қадірлі ағамыз Ыбырайкенұлы Жанатты құрметті еңбек демалысына шығуымен құттықтаймыз!
Жакесі, құтты болсын еңбегіңіз!
63 – зейнет жасқа келгеніңіз.
Жемісін ұзақ жеуге нәсіп етсін,
Артта қалып, қиындық көргеніңіз!
Қолыңа домбыраңды алғаныңда,
Әуезді қоңыр үнге салғаныңда.
Жан дүние жайланып сала беред,
Жарасып, жалғағанда жан жарың да.
Әндерің мен сәндерің сарқылмасын,
Алланың берген бағы таусылмасын.
Аман болып ұрпағың, ағайының,
Көңілдерің алтындай жарқырасын!
Ізгі ниетпен: бауырлары, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login