Балқашта алғаш рет қала ішінде қансорғыштардың көзін жою шаралары жүргізілді. Тендерлік байқауды ұтып алған Қарақаралы қаласының жеке меншік фирма қызметкерлері дезинсекция жұмыстарын іске асырды. Бір күннің ішінде көл жағалауындағы саябақ пен Техснаб, көп қабатты үйлердің маңына «Масамор» атты дәріні сеуіп шықты.
Рахат Қамысбаев- үш жылдан бері дезинфектор болып қызмет атқарып келеді. 27 жастағы маман арқасына сыйымдылығы 10 литр, кәушіктен жасалған бакты маторға жалғап масаларын көзін жоюда. Оның айтуынша, қансорғыштар ағашта емес, жерде көп шоғырланады дейді.
Рахат Қамысбаев- дезинфекциялаушы
«Ботсад териториясын 1 гектар жерін өңдедік. Ботсад және қалада 7 көпқабатты үйге дезинфекция жасадық. Бүгінгі күнде парктерге, сквер, көл жағалауына жасап жатырық».
Масалардың көзі «Масамор» атты сұйықтықтан бірден жойылады. Улылығы жоғары дәрі сумен араластырылып жасалады. Оның күші жаз бойы сақталады.Сондықтан, қала ішінде дезинфекциялау жұмысы бір-ақ рет жүргізіледі.
Гүлнар Шорманова-қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы
«Залалсыздандыру жұмыстары Бектауатада жасалатын.Ол жерде .. очагка қарсы.Ал қазір Бектауата Ақтоғай ауданына қарағандықтан біз өзіміздің паркті, көл жағасын, скверді қамты отырмыз.2032 Бұл бірінші рет қалада жасалып отыр».
Жалпы, қансорғыштарды залалсыздандыру үшін биыл бюджеттен 2 млн. астам қаржы бөлінді. Ол сомаға қала іші мен 7 көпқабатты үйдің жертөлелеріне өңдеу жұмыстары жүргізілді. Және шілде айының басына дейін Ботсад аймағы да тағы дезинфекцияланатын болады. Өйткені, ол жақта масаның ошағы көп.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login