Балқашқа эковелосипедпен қырғызстандық өнертапқыш келді

Балқашқа эковелосипедпен қырғызстандық өнертапқыш келді. Оның үш дөңгелекті көлігі жел генераторымен жұмыс істейді. Саяхатшы ғажайып техникамен Астанаға жетіп, одан әрі қарай Армения, Белоруссия және Ресей еліне бармақ.

Өнертапқыш Мұратбек Сұлтанбеков бұл электрвелосипедін өзі ойлап тауып, өз қолымен құрастырған. Ал, қазақстандық әріптестері оны одан әрі жетілдіріп, желден қуат алатын аккумулятормен жабдықтаған. Батареяның қуат көзі 120 шақырымға дейін жетеді. Ал, жылдамдығы сағатына 90 шақырым.

Мұратбек Сұлтанбеков –қырғызстандық өнертапқыш
«Мен негізі мамандығым бойынша дәрігермін, инженерлік білімім жоқ. Ал, бұл велосипедті москвич көлігінің рессорынан жасадым. Барлығы өзім сияқты қарапайым адамдардың көмегімен орындалды.»

Болашақ энергия деп аталатын автошеруге қатысушылар қазақ және қырғыз елінің өнертапқыштары. Олар өздерімен бірге басқа да жаңа технологияларды ала келген. Мысалы, 10 күн бойы қатпайтын нан жасау әдісімен бөлісті. Басты құпиясы оны әзірлегенде түрлі дақылдардың қосындысын қолдану керек.

Оспанов Абдыманат – техника ғылымдарының докторы
«Біздің халық бидай және арпа дақылынан жасалған нанды жеп үйренген. Ал, біз болсақ, басқа да дақылдарды қолдануды ұсынамыз. Оны арнайы аппаратта кептіріп, үгіткеннен кейін кәдімгі әдіс арқылы дәмді әрі пайдасы мол нан пісіруге болады».

Ал, бұл агрегат жанармайды үнемейді. Сутекті генераторлар Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ал, біздің елде енді шыға бастады. Генератордың қоршаған ортаға тигізер пайдасы зор.

Қалманбет Шалбаев- техника ғылымдарының докторы
«Сутекті генераторды пайдаланған кезде екі мәселені шешеміз. Бензиннің шығымын азайтамын 40 пайызға шейін. Екінші мынау ортаға шығаратын залал заттарды 80 пайызға дейін төмендетеміз.»

Бішкектен бастау алған эко-автошеруі әрі қарай Астанаға жол тартты. Онда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысады. Одан кейін автошеру Армения, Белоруссия және Ресей елінде жалғасын табады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture