Құттықтау Қыдыргелді Іңкәр Нұрғазықызы

Біз бүгін сүйікті де сүйкімді, еліктей ерке балапанымыз Қыдыргелді Іңкәр Нұрғазықызын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тіл-көзден сақтап, тек жақсылығын берсін! Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын!

Әрбір күндері тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылықтары мамасы мен папасына, туған-туыстарына қуаныш әкелсін!

 

1 жасқа толдың міне, бүгінде,

Тек қана шаттық болсын өмірде.

Жұлдызың жана берсін әрқашан,

Қуантып ата-анаңды нұрын шашқан.

 

 

Былдырлаған кіп-кішкене балақан,

Жүрегімнен саған шуақ таратам.

Саған деген махаббатты мендегі,

Сезіне алмас бұл дүниеде жан  адам.

 

Ізгі ниетпен: әке-шешесі: Нұрғазы – Мейрамгүл

ағасы Диас

әпкесі Қызғалдақ

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture