Биыл қалада өрт оқиғалары жиілеп кетті. Жыл басынан бері төтенше жағдайлар бөліміне 170-ке жуық қоңырау түсті. Оның ішінде 47 оқиғада үй, пәтер, көліктер жанып кетті. Ал қалғандарында тамақ пен күл-қоқыс күлге айналды. Тіпті, биыл тілсіз жаудан 4 адам көз жұмып, 3 тұрғын зардап шекті. Сондықтан, енді мұндай жағдай қайталанбас үшін құтқарушылар үй-үйді аралап, тұрғындармен тікелей түсіндірме жұмыстарына кірісті.
Өрт болған жағдайда не істеу керек, қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет? Бұл төтенше жағдай қызметкерлерінің балқаштықтарға қояр бірінші сұрағы.Бүгін жүргізілген сынаққа бірінші болып Сванқұлов көшесінің тұрғындары жауап берді.Осылайша,күн сайын 15 маман бұқарамен кездесіп, өрт ережесі туралы жаднама қағаздарын таратуда.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Қазір 6 мың адаммен кездесіп шықтық. Түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Көпбінесе көпқабатты үйлерге көңіл бөліп жатырмыз. Өйткені, пәтерлерде қысқа тоқтың тұйықталуынан өрт оқиғалары жиілеп кетті».
Тіркелген оқиғалар тізбегінде белгілі болғандай, балқаштықтар өрт кезінде не істеу керектігін біле бермейтіні анықталды. Оған дәлел ақпан айында Шашубай мөлтек ауданында болған қайғылы жағдай. Ашық алауда 48 жастағы тұрғын тірідей жанып кетті. 3 тұрғын улы газдан уланып көз жұмды. Бұл соңғы үш жылда болған жалғыз оқиға.
Көктемде күл-қоқыс жанса, қыста пештің кесірінен өрт оқиғалары көп тіркелді. Пештің мұржасы дұрыс тазаланбағандықтан Техснаб кентінде үйдің күл-талқаны шықты. 8 сағат бойы лапылдап жанған жалынды 10 маман әзер ауыздықтады. Әйтеуір, үй иелері аман қалды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login