Балқашта еркін күрестен Республикалық турнир өтуде. Фоторепортаж

Балқашта еркін күрестен жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтуде. Жарыс еркін күрестен спорт шебері Ержан Долбаевты еске алуға арналған.

Турнирге Астана, Алматы,Атырау,  Семей, Жезқазған сияқты Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден аса спортшы келді.

Қатысушылардың жас аралығы 12-16 жас.Салмақ дәрежелері 29-дан 85 келіге дейін.

Ержан Долбаев 1973 жылы Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданында дүниеге келген.  Ол Балқаш қаласында еркін күресті дамытуға белсене атсалысты. Қалада жас балуандарға ұдайы демеуші болған.  2003 жылы еркін күресті дамыту мақсатында қалалық федерациясын құрып,  оның төрағасы болып сайланады.

Ержан Долбаевтың алғашқы бапкері — Нұрақым Ермағанов.

Турнирге Ержан Долбаевтың ата-анасы, жары, спортта бірге жүрген достары келіп, сөз сөйледі.

Балхаш вольная борьба

Республикалық турнир екі күнге ұласады. Ертең «Мысшылар» стадионында шешуші сайыс өтіп, жеңімпаздарды анықтайтын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture