Қорытынды жаңалықтар 2 маусым 2017

Осы аптада тападай тал түсте бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер жеткенше баспананың түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда, үй иесі балконға шығып үлгерген.

Балқаштық құтқарушылар үй-үйді аралап, өрт қауіпсіздігі туралы тікелей түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сасық иіске шыдай алмаған Қоңырат мөлтек ауданының тұрғындары дабыл қақты. Өйткені, Балқаш көшесіндегі, 19 үйдің 7 пәтерінен шыққан нәжіс иісі күллі үйге жайылуда.

Балқаш станциясының маңынан артиллериялық санряд табылды. Оны сол аумақта итімен қыдырып жүрген тұрғындардың бірі көрген.

Ірі-қара малдан бруцеллез ауруы анықталды. Жануарлардың еті, сүті арқылы адамға жұғатын қауіпті жұқпалы дерт Саяқ кенті мен Қоңырат мөлтек ауданында тіркелген.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сатқан сатушылар ұсталды. Заңды белшесінен басқандар онымен қоймай кешкі 9 дан кейін де алкагольдік өнімдерді саудалаған.

Тәртіп сақшылары жедел жәрдем және өрт сөндіру қызметініе арнайы көлігіне жол бермеген жүргізушілерді жазалады.

Балқаш қаласының денсаулық сақтау саласы маусым айынан бастап 18 жас медиктермен толығады.

Балқаштық ұстаздар қайтадан партаға отырды. Қала бойынша 40 педагог ағылшын тілін үйренуде.

Ораза ұстаған жандарға мамандар кеңесі! Дәрігерлердің айтуынша, оразаның денсаулыққа пайдасы мол. Алайда, ол үшін дұрыс тамақтану керек.

Балқашта балық аулауға рұқсат берілді. Ал тыйым салу уақытында яғни, 46 күннің ішінде заңға бағынбағандар кездесті.

Сот орындаушылар әкесінен мейірім көрмеген кішкентай бүлдіршіндерді ойын-сауық орталығына апарды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture