Еске алу Сатыбалдыұлы Әлімхан (Әлтәй)

Руы Тобықты, Қалдау – Жаубасар, асқар таудай ардақты әкеміз Сатыбалдыұлы Әлімхан (Әлтәй)  80 жасқа толар еді.

Халқына қадірлі, еліне елеулі болған аяулы Ата, ардақты Әкемізді сағына еске аламыз.

«Жақсы адам – Алланың нұры».

«Өлмес адам елде жоқ».

«Өлімнен өтер өткел де жоқ».

Әкеміз ақкөңіл, ақжарқын мінезімен, адал еңбегімен халқына сыйлы болған, жақын мен алысты бірдей тең көрген,жақынының жігері, туысының тірегі бола білген.

Ұрпағыңмен жалғасар өмір-жырың,

Жадымызда жатталар өсиет-сырың.

Бақилықта бір Алла қамқор болып,

Өзіңізге сыйласын пейіш нұрын.

 

Балаларын беделіне балаған,

Бақытты болып жүргенімізді қалаған.

Бізді бағып, ақылымен өсірген,

Жан әкеміз, біздер үшін дана адам.

 

Ұмыту мүмкін емес, ұлы адамсыз біз үшін,

Әкетайым, ұрпағыңа мәңгілікке тірісің.

Аруағың қолдап-қорғап, жебеп жүрсін біздерді,

Анамыз ғой, панамыз да, әкеміз де бізге енді.

Анамыз аман жүрсін ортамызда.

Сағындық, әке, өзіңді. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын. Алла иман байлығын берсін!

Сағына еске алушылар: жұбайы Рахила, балалары, немерелері, шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture