Руы – Ноғай, Сейфоллақызы Мөлдір бүгін тірі болса, маусымның 1-і күні 22 жасқа толар еді… Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті. Баламызды еске ала отырып «топырағың торқа, жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын, қабірің иман нұрымен, құран нұрымен нұрлансын!»-деп Алладан тілейміз.
Бұйрығына Алланың,
Көнемін енді, құлыным!
Жатқан жерің жарық боп,
Тыныш ұйықта, құлыным!
Қалағанын құдай жерге қойған ба?
Кімді алса да қара жер қойны тойған ба?
Көнеміз-ау салғанына тағдырдың,
Сағынамыз қайтып келмес… не пайда!
Фото 3
Ақкөңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,
Туысқа да, досқа да аңқылдаған.
Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,
Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.
Ісіне бұл Алланың шара бар ма,
Тағдырдан аса алмайды ешбір жан да.
Қол жайып, аруағыңа дұға арнаймыз,
Торқа болсын, жер-бесік топырағың.
Алла салды басымызға сынақты,
Жиі еске алсын деп пе, жылатты.
Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай,
Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.
Мөп-мөлдір ең гауһар жүзік тасындай,
Мықты едің сынбайтұғын асылдай.
Аяулы қызым, саған деген сағыныш,
Мәңгілікке қалады екен басылмай.
Еске алушылар: ата-анасы: Сейфолла – Зинаш, бауырлары – Айгерім, Нұрсая, Бибінұр, Жаннұр, жезделері – Рахат, Ильяс.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login