Біреуімізге асыл жеңге, біреуімізге ибалы келін болған, руы Тобықты – Рысбай, Дәрібекова Төлжан Орынбекқызын сағынышпен еске аламыз. Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын. Сенің тірі бейнең болып артыңда қалған ұл-қызың тұрғанда сені өлді деуге қимаймыз. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!
Өмірдің кім болжаған өтеріне,
Елудің келгенінде екеуіне.
Қоштасып кете бардың қолың бұлғап,
Еш нәрсе жете алмайды өтеуіне.
Өмірдің өзен дейтін ағысының,
Иыққа артып тағдыр тағы сынын,
Көкеміз ортамыздан бақиға озды,
Артына тастап талай абысынын.
Сұм тағдыр табады екен бір күн ебін,
Тоқтатып жақсы адамның нұр жүрегін,
Сұм ажал ортамыздан жеңгені алды,
Артына тастап қайны сіңлілерін.
Жасымен кәрісін де бірдей күткен,
Шуағы түсетұғын күндей көктен,
Адамға жанашыр боп әрқашанда,
Адамға өкпелеуді білмей кеткен,
Бақұл бол асыл жеңге, жан абысын,
Жасқа оранып бәрінің жанары шын,
Өзіңе мәңгі бақи дұға арнайды,
Өзіңе мекен болар жәннат үшін!
Еске алушылар: Қордабай – Қамар, Бақыт, Сейілқап – Алмагүл, Аманкүл – Сәкен, Жаңагүл, Кәкен – Мереке, Ерғабыл – Бақытжан, Қанат – Назира, Тілеуғабыл – Ботагөз, Дәрібековтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login