Ленин көшесінде өртенген пәтердің себебі анықталды. Белігілі болғандай бір бөлмелі баспана сіріңке мен темекіден жанған. Еске сала өтейік, 30 шаршы метрді жалмаған қызыл жалын кеше түсте орын алды. Лапылдап жанған ашық өрттен 37 жастағы әйел зардап шекті. Балконда отырып құтқарушыларды күткен тұрғын 30 пайыз күйікке шалдыққан. Қолы мен аяғына, арқасына зақым келген. Улы газға уланып қалған. Оған қоса, зардап шеккен келіншек күл талқаны шыққан пәтерді жалға алып тұрған екен. Ал тілсіз жау- сіріңке мен темекіден басталған көрінеді. Қазір оған қатысты тергеу амалдары басталды. Сараптама аяқталғаннан кейін өрт қауіпсіздігін сақтамаған тұрғын жауапқа тартылмақ.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Қазір болған өрт оқиғасына байланысты қосымша зерттеулер жүргізілуде. Зардап шеккен азаматтың кінәсі толық 100 пайыз анықталса,әкімшілік жауапқа тартылады. 10 айлық есептік көрсеткішпен айыппұлды төлейтін болады».
Еске сала кетейік, 31 мамыр түскі уақытта көпқабатты үйлердің бірінде бір пәтерден өрт шыққан болатын. Видео сілтемеде https://orken-media.kz/v-balhashe-proizoshel-pozhar-v-zhilom-dome-video/
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login