Мектеп жанындағы жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады. Онда маусымнан бастап тамызға дейін қала бойынша 2700 бала тынығатын болады. Бүгін қаладағы 18 мектепте жазғы сауықтыру орталықтары салтанатты түрде ашылды. Каникульдарын тиімді өткізуге келген балалардың алғақшы күні осылайша ән мен бимен басталды. Оқу орындары болса, кішкентай демалушыларды қарсы алуға тыңғылықты дайындалған. Ойын залдарын әзірлеп, жатын бөлмелерді де дайындап қойыпты. №15 мектепте 1 аусымда таңғы 9 — дан кешкі 5 — ке дейін 50- ге жуық бала тынықпақ. Олар 2 апта бойы түрлі спорттық, интелектуалдық ойындар ойнап, қаланың көрікті әрі қызықты жерлеріне саяхат жасайды. Сондай-ақ ұйқы мен күніне 3 рет тамақтандыру қарастырылған.
Шынар Жакупова-«Балдаурен» жазғы сауықтыру орталығының басшысы
«Биыл қаласының 80 жылдығы болғаннан кейін, қаламыздың ескерткіштеріне саяхат жасап, мәлімет беру таныстыру. Және көлге саяхат. Көлге саяхат жасап қана қоймай, тарихына тоқталып, әр түрлі тәрбилеік шаралар жүргізу жоспарда бар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login