Балқашта кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сатқан сатушылар ұсталды

Балқашта кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сатқан сатушылар ұсталды. Заңды белшесінен басқандар онымен қоймай кешкі 9 дан кейін де алкагольдік өнімдерді саудалаған. Екі аптаға созылған рейд кезінде әрбір екінші дүкеннің заң бұзатыны анықталды. Қазақстанда 2014 жылдан бастап кешкі 9 дан түскі 12 ге дейін ішімдік сатуға тиым салынған. Алайда, тексеріс кезінде бұл ережені сақтамаған 4 сауда нүктесі анықталды. Нәтижесінде, қылмыс үстінде қолға түскен сатушыларға 20 мың теңгеден астам айыппұл төлеу міндеттелді. Сонымен бірге, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға ішімдік сатқан тағы 4 саудагер құрықталған. Енді оларда 20 мыңнан астам айыппұл төлеулері тиіс.

Ержан Разиев – жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары
«Сонымен қатар бұл жұмыс әлі де жалғастырылады. Сол себепті дүкен иелерін әкімшілік кодекстің 200бабына сәйкес жауапқа тартылатындығы жөнінде хабардар етемін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture