Балқаш жаңалықтары 31 мамыр 2017

Тападай тал түсте бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер жеткенше баспананың түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда, үй иесі балконға шығып үлгерген.

Ірі-қара малдан бруцеллез ауруы анықталды. Жануарлардың еті, сүті арқылы адамға жұғатын қауіпті жұқпалы дерт Саяқ кенті мен Қоңырат мөлтек ауданында тіркелген.

Жалған ақпарат! Судың құрамында қауіпті инфекция бар деген хабарлама балқаштық тұрғындарды үрейлендіріп отыр. Автордың айтуынша суды ішкен адамдар гепатит және дизентерия ауруын жұқтыруы мүмкін.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сатқан сатушылар ұсталды. Заңды белшесінен басқандар онымен қоймай кешкі 9 дан кейін де алкагольдік өнімдерді саудалаған.

31 мамыр- өткенге оралып, бабалар рухына тағзым ететін күн. Себебі, саяси репрессия – ел тарихындағы азалы беттердің бірі. Балқаштықтар минитингке шығып, саяси қуғын –сүргінде құрбан болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture