Балқашта ірі-қара малдан бруцеллез ауруы анықталды

Ірі-қара малдан бруцеллез ауруы анықталды. Жануарлардың еті, сүті арқылы адамға жұғатын қауіпті жұқпалы дерт Саяқ кенті мен Қоңырат мөлтек ауданында тіркелген. Наурыздан бастап бүгінгі күнге шейін Балқаш аймағы бойынша 1700 бас ірі-қара, 3000 нан аса ұсақ мал, 440 шошқа және 73 түйе бруцуллез ауруына тексеріліп, сібір жарасына қарсы егілді. Нәтижесінде, 2 сиырдың қауіпті инфекциялық індетті жұқтырғаны белгілі болды. Оның бірі Саяқтан, екіншісі Қоңыраттан шыққан. Ал, былтыр мұндай жағдай Гүлшат кентінде тіркеліп, 1 қорадағы 18 қойдан бруцуллез ауруы анықталған болатын.

Самат Молдаханов-қалалық ветеринария бөлімінің жетекшісі
«Мал сойылатын нысанада сойылды. Мына біздің балқаштың бұрынғы мясо комбинатында. Ол жерде дәрігерлер анықтап көріп,  клиникалық белгілер білінбесе онда 12 сағат суытуда тұрғаннан кейін жеуге рұқсат беріледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture