Руы – Құланшы-Нұралы, Серікбекова Бағжан (Бақыт) Кенжебекқызының өмірден өткеніне 2 маусым күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 2 маусым күні сағат 11.00-ден бастап «АТТИЛА» дәмханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға, жұмыс орнына хабарлаймыз.
Ауызашар кешкі сағат 21.00-де Сәбитова мөлтек ауданы, 4 үй, 23 пәтер.
Қара жерде жатқаныңа қырық күн,
Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.
Қырық күнде жүрек міне қаяулы,
Қош, қош бол, Ана, аяулы!
Асыл ана, жеткізіп жетелеген,
Жалғанда саған адам жетер ме екен?
Біз үшін сен бір асыл, сен бір кенсің,
Батаңмен бар әулетің өсіп-өнсін!
Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,
Бақи бол, имандының бірі сенсің!
Ананың орны бөлек өмірдегі,
Ана деген асыл жан өмірдегі.
Кім қияды анасын қара жерге,
Жоқ өзіңдей қамқоршы енді бізге.
Торқа болсын жамылған топырағың,
Тыныш ұйықта жер бесікте дамылда.
Бір Алладан дұға оқып тілейміз,
Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.
Жаның жәннатта,
Тәнің рахатта.
Алдың пейіш,
Артың кеніш болсын!
Ас берушілер: Серікбековтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login