Құрметті әріптесіміз Есенкулова Қарлығаш Шоянқызын 65 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілейміз! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспіз!
Туған күнің тойлануда той болып,
Көрген бейнет — зейнет болып, ой толып.
Барлық жанның тілектері қабыл боп,
Әумин десін періштелер мол толып.
Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,
Аман жүрші әрқашан ортамызда.
Ағайын-туыстарға сыйлы болып,
Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!
Қартаймай жүріңіздер жанымызда,
Күліп-ойнап әріптестер арасында.
Тілейміз біз Сізге ұзақ ғұмыр,
Тілейміз мәңгі бақыт, сырлы өмір!
Бізден тілек – тойыңыз тойға ұлассын,
Құрметтерің биіктесін, қыр ассын.
Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр серік боп,
Жасыңызға жас қосылып, өмір әлі жалғассын!
Т/б: әріптестері: Күмісжан, Зинеш, Панар, Қымбат, Азамат, Айдын.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login