Еске алу Ахтаева Қамария Аманбекқызы

Аяулы анамыз, әжеміз, руы Тобықты – Жаубасар, Ахтаева Қамария Аманбекқызының бақилық болғанына 5 жыл толды. Тірі жүргенде 75 жасқа толар еді.

Ардақты анамызды сағына еске алып, жатқан жері жайлы, топырағы мамық болсын деп дұға бағыштаймыз.

Өтті міне, 5 жыл да зымырап,

Ана, өзіңсіз өтті күндер зуылдап.

Тірі болсаң 75 жас тойлар ең,

Тілек айтып туған-туыс, балаларың.

 

Әке орнына әке болып, бәрімізді өсірдің,

Жеңе білдің тауқыметін жесірдің.

Көпшіл болдың, дастарханың кең болды,

Табушы едің қиын істер шешімін.

 

Бар жақсылық тал бойыңа тән еді,

Айналаға жайлы, жайсаң жан едің.

Момындығың, торғын жібек мінезің,

Айта жүрсін дегендей қалған ізің…

 

Жатқан жерің торқа болсын, асыл біздің анамыз,

Ер жетсек те бәрімізге қамқор болған панамыз.

Бақилықта пейіш болсын тұрағың,

Бір Алладан соны тілеп, арнап дұға қыламыз.

Еске алушылар: балалары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture