Балқашта саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

31 мамыр- өткенге оралып, бабалар рухына тағзым ететін күн. Себебі, саяси репрессия – ел тарихындағы азалы беттердің бірі. Бүгін балқаштықтар минитингке шығып, саяси қуғын –сүргінде құрбан болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

30 жылдары тоталитарлық жүйенің солақай саясатының кесірінен қаншама халық ашаршылық құрбаны болды.1936-1938 жылдары Қазақстан бойынша жүз мыңнан аса адам қуғын -сүргінге ұшырады.Олардың 25 -мыңы ату жазасына кесілді. Және атылған адамдардың 80-пайызы зиялы қауым өкілдері болған. Ал осы жылдары Балқашлагқа ондаған адамдар депортацияланды. Алайда, бүгінгі күнге дейін аштықтан көз жұмған азаматтарды нақты саны белгісіз.

Өмірбек Ерменбет — қала тұрғыны
«3229біздің тұрған жеріміз алғашқы балқаштың салынған жері.1937 жылы осы жерде балқаштың барлығы осы жерде тұрып, мед.заводта жұмы істеген. Сол уақыттарда сол кезде үкіметтің ,партияның Сталиннің солақай саясатының арқасында бүкіл қазақ халқының ойшылдарын, білгірлерін жаппай жазаға ұшыратып, қуғын-сүргінге ұшыратты.Қазақ халқының малын тартып алған».

Салтанатты рәсімнен кейін митингке қатысушылар құрбан болған жандардың рухтарына құран оқып, гүл шоқтарын қойды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture