Балқашта ҰБТ барлық талапқа сай өтетін болады

11 жылдық білімді саралайтын сынаққа санаулы уақыт қалды. Соған байланысты №7 мектеп гимназиясында ҰБТ -ға дайындық басталды. 8 аудиторияға парта- орындықтар қойылып, кабинеттер бейнекамералармен жабдықталуда. Телефон байланысы үшін дыбыс өшіргіштерде орнатылды.

Бағдарлама жасаушы техник Марат Нұпбаев екі қабаттың әрбір аудиториясына 8 антенасы бар аппаратты орнатты.  Бір құрылғының күші 50 метрге дейін жетіп, байланыс дыбыстарының күшін жояды. Өйткені, басты сынақтың басты талабы бойынша мектеп ішінде интернет пен ұялы байланыс мүлдем болмауы тиіс.

Марат Нұпбаев – бағдарлама жасаушы техник
«Бір дыбыс басқыш 50 метрге дейін жетеді.Оның көмегімен 4 G, 3 G, Wi-Fi  барлығы істен шығады. Осылайша ұялы байланыс жұмыс істемейтін болады».

Тест күні байланыстың күшін жоятын құрылғы күні бойы қосылып тұрады. Сондықтан радиожиілік баланың денсаулығына  әсер етпеуі керек. Ал бүгінгі тексерісте құрылғының дауысы қатты екендігі анықталып, дыбыс бәсеңдетілді.

11 жылдық білімді тексеретін сынақта мұғалімдер мен қоса медициналық мамандар да жұмыс істейтін болады. Сол себептен, директор орынбасарының кабинеті дәрігерлерге сай даярлануда. Бөлмеде арнайы төсек, орындық және дәрі-дәрімектен басқа ештеңе болмайды.

Ал аутитория ішінде де талап жоғары. Екі парта арасындағы қашықтың бір метрден кем болмауы қажет. Және сынақ өтетін 8 кабинеттің барлығы салқындатқыш, термометр және диспенсерлі сумен қамтылады.

Баян Нұржанова-ҰБТ өткізу пунктінің жетекшісі
« Бірінші және екінші қабаттарға аудиторияны көрсететін нұсқаулар ілінеді.Барлық сыныптар көлеңке жақта орналасқан. Сол себептен кабинеттер ыстық болмайды. Ауа температурасы бір қалыпты сақталады».

Жалпы, ҰБТ-дің өту қарқынын 24 камера бақылайтын болады. Әрбір оқушының жүріп-тұруы ғимаратқа кіргеннен бастап таспаға түседі. Ал ата-аналар сынақ барысын сырттағы мониторлардан бақылай алды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture