Психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған тұрғын із –түссіз кетті. Ахтан Саяхат Бекболатұлы есімді азамат 25 мамыр күні үйден шығып кетіп , оралмады. Ол 1977 жылы шілде айының 2 күні дүние келген. Ақтоғай ауданының тумасы. Балқашта, Сәбитова мөлтек ауданында тұрған. Сол күні үстіне:сұр түсті күртеше, қара спорттық шалбар, ақшыл сары туфли мен жаздық бас киім киген.Болжам бойынша, бала күнінен бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған Саяхат үйге қайтар жолды ұмытып қалуы да мүмкін.
Сонымен қатар, еске сала өтейік із-түссіз кеткен жанның бірі Нұртөлен Тұрсынов. 35 жастағы қала тұрғыны шамамен бір ай бұрын үйден шығып, хабарсыз кетті.Ол Қоңырат мөлтек ауданында тұрған. Үстінде көкшіл сұр футболка, қара шалбар ,қара туфли киген. Іздеуде жүрген осы адамдар жайлы көрген-білгендеріңіз болса ішкі істер бөліміне хабарласаңыздар. Кез-келген ақпараттың маңызы зор.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login