Қырық күндік ас Жармағанбетов Алпысбай Айтмағанбетұлы

Жәмші ауылының тумасы, Руы – Қожа, ардақты да аяулы әке, адал жар, қимас бауыр Жармағанбетов Алпысбай Айтмағанбетұлының бұл фәниден бақиға өткеніне 40 күн толады.

Әкеміз туа біткен қасиетінен мейірімді, еңбекқор, ақкөңіл, парасатты. Бауырларына, ағайын, туған-туыс, көрші-қолаң, барша халыққа қадірлі еді. Бір әулеттің ордасы, ұйытқысы, демеушісі болып отырған Алпысбай әкемізді еске ала отырып, Алладан рақым, Пайғамбарымыздан шапағат, топырағың торқа, жаның жәнатта болсын деп дұға бағыштаймыз.

Қырық күндік асы 02 маусым 2017 жылы Қарағанды қаласы Майқұдық «Ақ Отау» мейрамханасында сағат 13.00-ден бастап беріледі.

09 маусым 2017 жылы Балқаш қаласында «ІЛИЯС» дәмханасында сағат 12.00-ден бастап беріледі. Туған-туыстарға, құда-жегжаттарға, жолдастарға, балаларының жұмыс орнына, барша танитын жамағатқа  хабарлаймыз.

Биылғы жазға әке, ілікпедің,

Осылай өтеріңді біліп пе едің?!

Сан сұрақ мазалады жанымызды,

Ішіңнен қимай бізді жүріп пе едің?!

 

Өмірің қиылды-ау қас-қағымда,

Күндерің ауысты ма басқа мұңға,

Өмірді сүюші едің, сері едің,

Шынымен бізді мәңгі тастадың ба?!

 

Ойсырап  Алатауым омырылды,

Анамыз сипап қалды орыныңды.

Атам қайда кетті деп немерелер,

Іздеп жүр-ау, олар да болды мұңды.

 

Өзіңдей асыл әке табылмайды,

Жүрегің енді қайтып соғалмайды.

Аманатың –соңыңда қалған анам,

Сөз берем, көз жасына шомылмайды.

 

Халқыңның жоқтау айтқан лағыл жасы,

Егілмеген дос-бауыр табылсашы.

Ауылда бірге өскен ағайынның,

Қайысты бізбен бірге қабырғасы.

 

 

Өзіңді әке, жұртың дара көрді,

Еңбекқор, қадірлі едің сара жолды.

Еркелетіп өсірген жалғыз қызың,

Әсемің жылап артта қала берді.

 

Он үш жыл ауылыңа әкім болдың,

Бір табан туған елге жақын болдың.

Сегіз өнер аз ғой деп «сері» атанып,

Бірбеткей, қайратты, батыл болдың.

 

Атайды қастерлі деп ел есімді,

Әке, біз асайық сол белесіңді.

Кешірім өтінеміз аруағыңнан,

Тыңдамаған кез болса кеңесіңді.

 

Аспанымды торлады бұлт-қайғы,

Әр сөзің есімде, әке, құнттаймын,

Жазира дарқан елің Жәмші деген,

Өзіңнің есіміңді ұмытпайды.

 

Енді қайтып қабақ та түйе алмайсың,

Өмірдің ыстығына күйе алмайсың,

Кенже ұлың Әсеттің Әлібиін,

Әділжанын маңдайдан сүйе алмайсың.

 

Сезем әке бәрін де қимай кеттің,

Осынау маңдайыма сыймай кеттің,

Тойларың көп еді алда тойлайтұғын,

Осы өмірге шынымен сыймай кеттің.

 

 

Балаларың сазды жыр жолдап жүрсін

Дұға тілеп жолдарын оңдап жүрсін.

Топырағың торқа боп, жайлы болып.

Аруағың біздерді қолдап жүрсін,

 

Белгілі  қасиетті екеніңіз,

Белгілі өсіп-өніп жетеріміз,

Аяулы әке, адал жар, ардақты ата,

Пейіште болсың мәңгі мекеніңіз!

Хабарлаушылар: жұбайы – Үміт, балалары, немерелері

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture