Ораза ұстаған жандарға мамандар кеңесі! Бүгін Қасиетті Рамазан айының төртінші күні. Бұл айда мұсылман қауымы ауыз бекітіп, 5 парыздың бірін өтейді. Дәрігерлердің айтуынша, оразаның денсаулыққа пайдасы мол. Алайда, ол үшін дұрыс тамақтану керек. Ал, қандай тағамдарды жеген жөн? Оны мамандар кеңесінен білейік.
Дәрігер Ербол Дюсекенов 10 жылдан бері ораза ұстап келеді. Сондықтанда қандай тағамдарды жеу керектігін жақсы біледі. Бүгін ол ең керектісін таңдауда. Айтуынша, ораза кезінде, құрмамен бірге жаңғақ түрлерін, сүт өнімдерін және жеміс-жидек пен көкеністі көбірек қолданған жөн. Бұл заттар ағзаға сіңімді әрі дәруменге бай. Бірақ, майлы, қуырылған тағамдардан бас тарту керек.
Ербол Дюсекенов-№1 емхананың профилактика бөлімі меңгерушісі
«Балық болсын, ет болсын суға пікен болса дұрыс болады. Су организімге түспегендіктен біз судың мөлшерін толтыруымыз қажет.Сондықтан сәреге дейін 1.5-2.5 литр су ішкен абзал болады».
Эндоскопист дәрігер Нышан Қарабалаев жылына бір рет ішіп-жеуден бас тарту азғаза өте пайдалы дейді. Бірақ, тек дені сау адамдар үшін. Асқазан, қант диабетіне шалдыққан болсаңыз, онда ішіп-жеуден бас тарту сіздің денсаулығыңызға зиянын тигізуі мүмкін.
Нышан Қарабалаев-эндоскопист дәрігер
«Зияны тиеді зат алмасуы бұзылған адамдарға, мысалы қант диабеті. Қант диабеті өзінің мезгілімен, мөлшерімен уақытылы тамақ ішпесе өлімге дейін әкелуі мүмкін».
Жалпы Рамазан айы кезінде оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайларға қатысты көптеген даулы сұрақтар болатыны белгілі. Имамдардың айтуынша, аузына келген түкірікті жұту, құлаққа су кіру, еріксіз құсу, душқа, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтану керек. Ал, оразаны бұзатын нәрселер ол, темекі тарту, насыбай ату әдейі ішіп-жеу.
Рауан Айтқазы-наиб имам
» Егер біз укол алсақ, ораза бұзыла ма деген сұрақтар қойылады. Кейінгі ғалымдарымыз рұқсат беріп жатыр. Егер, әлсіздікті күшейтетін, қуат беретін нәрселер болса ол уколды қолдануға болмайды. Ол оразаны бұзады».
27 мамыр күні басталған қасиетті Рамазан айы 24 маусымға дейін созылады. Яғни мұсылман қауымы 29 күн бойы ішіп-жеуді тоқтатып қана қоймай нәпсісін де тияды. Ораза тұтудан тек емізулі нәрестесі бар аналар, жүкті әйелдер, қарттар мен балалар және науқастар мен сапардағы адамдар ғана босатылады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login