Еске алу Нупбаев Асет Бекболатұлы

Руы Тобықты — Құланшы, Нупбаев Асет Бекболатұлы ардақты әкеміз ортамызда жүргенде 67 жасқа толар еді. Әкемізді сағына еске аламыз.

Әкеден асқар жок екен!

Әкенің сөзі оқ екен.

Қарайып жүрсе қасыңда,
Уайым қайғы жоқ екен.

 

Асыл әке, сағындым бір өзіңді,

Мейірімді ақжарқын нұр жүзіңді.
Бауырыңа басым қойып еркелейтін,
Сағынам бақытты сол кездерімді.
Әке деген асқар тауың,орманың,
Әке деген жұбанышың,қорғаның!
О,адамдар бар кезінде Әкені,
Қадірлейік,өкініште болмағын!

Әлдилеген баласын,мәпелеген,
Адам бол деп құлынын жетелеген.
Бұл әлемде мейірімде,ықыласта,
Бір өзіңе, Жан Әке, жете ме екен?

Әке, көзден кеттіңіз мәңгі жырақтап,
Сенбей сізді көп іздедік біз жылап.
Кетіпсіз ғой бұл өмірден мәңгіге,
О дүниені мекен қылып тұрақтап.

Жүректесіз мәңгі біздің көңілде,
Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жаткан жерің, Әкешім!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.

Әкетай, сағынғанмен бар ма, шара?
Жүректе мәңгі қалды осы жара…
Жүрегім ауырады сізді жоқтап,
Әкетай, мәңгі кеттің амал бар ма?
О, кұдайым, неге сонша тағдыр қатал еді,
Тағдырдың қаталдығын жеңер ме едік?
Өзің жаратасың өз пендеңді, аласың да,
Саған ғана бағынады бұл ғалам да, тағдыр да.

 

Өзің жайлы айта алмаймыз тауысып,

Ел айтады, жұрт айтады жарысып.

Көпшіліктен алған алғыс, сауабың,

Жатқан шығар, рухыңменен қауышып.

 

Еске алушылар: балалары:

Ақылжан-Айнагүл, Асылжан-Сабира,  Жантуар,

немерелері: Альдайр, Альбина,

Амелина, Айя.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture