Балқашта бес саусағынан өнер тамған кішкентай бүлдіршіндердің балы өтті. Шеберхананың қыздары ағымдағы оқу жылын қорытындылап, жыл бойы жасаған туындыларымен бөлісті.
Ойға ерік беретін шеберлік шеберханасының 30 кішкентай маманы жыл бойы қол тігістерінің түрлерін үйреніп, түрлі-түсті баулармен картина жасады. Қалдық заттарды біріктіріп, пайдаға асырды.

Ал бүгін көздерінің майын тамызған қыздар еңбектерін жемісін көрді. Шебер деген арнайы сертификаттармен марапатталды. Және оның көбесі келер жылы аталмыш өнер түрін әрі қарай жалғастырамыз дейді.
Аруна Жомартова – балға қатысушы
«Мен қыркүйек айынан бастап осыған барып жүрмін.Маған осы қатты ұнайды. Өйткені, көп заттарды үйретеді.Тігуге, жапсыруға және тағы басқа заттарды істеуге. Мен келесі жылы тағыда барамын».

Кішкентай мамандар тігіп қана қоймай, би мен әннен де хабардар екендіктерін көрсетті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login