Балқаш жаңалықтары 29 мамыр 2017

Балқаш қаласының денсаулық сақтау саласы маусым айынан бастап 18 жас медиктермен толығады. Қазір жаңадан келетін дәрігерлерге арналған пәтерлерге жөндеу жұмыстары жасалуда.

Балқаштық түлектер емтихан тапсыруға кірісті. Оқушылар мектеп атестатын алу үшін 11 жыл бойы алған білімдерін дәлелдеуі тиіс.

Соңғы уақытта еліміздегі балабақшаларында бүлдіршіндерді ұрып-соғу фактілері жиіледі. Оған әлеуметтік желілерге жарияланған түрлі видеолар дәлел.

Өрт сөндірушілерге жол бермеген 3 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды.

31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы датаға орай қалалық мұражайда адамзатты қойдай қырған зұлмат жылдар туралы сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

Балқашта бес саусағынан өнер тамған кішкентай бүлдіршіндердің балы өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture