Біз бүгін сүйікті де сүйкімді балапанымыз, еліктей ерке құлынымыз Рымхан Амирхан Даниярұлын 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денсаулығы мықты болып, жаратқан ием тіл көзден сақтап, тек жақсылығын берсін!
Тәй-тәй басқан қадамы ақ болып, өмірдің асау белестерін бағындырсын! Әрбір күні тыныш болып, былдырлаған тәтті тілі, шат күлкісі, ерке қылықтары мамасы мен папасына қуаныш әкелсін!
Томпиған түріңнен,
Айналдым тіліңнен.
Сүйкімді аппағым,
Тіл-көзден сақтағын,
Сен аман бол, құлыным!
Тентегімсің, саған қызық бар ғалам,
Ерке ұлым, ойыныңа бар, балам.
Балалықтың бал дәуренін жақсы өткіз,
Жаһангер бол бар ғаламды шарлаған.
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты боп,
Мұратыңа жете бер.
Қылығымен күлдіретін ата-анасын,
Туған күнің құтты болсын, балашым.
Елің сыйлар азамат боп келешекте,
Қуантарлық мамасы мен папасын.
Тілек білдірушілер: папасы – Данияр, мамасы – Наталья.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login