Өрт сөндірушілерге жол бермеген 3 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды. Олардың әрбіріне қатысты хаттама толтырылып, 22 700 теңгеден айыппұл салынды. Қалада бірінші рет «Жүргізуші, арнаулы көлікке жол бер» атты акция өтті.
Бұл жолы қызыл көлікке мінген өрт сөндірушілер адам өмірін құтқаруға емес, жүргізушілердің дабылға әрекеттерін тексеру үшін көше ортасына шықты.Өйткені, мамандардың айтуынша, Балқашта арнаулы көлікке жол бермеу жиі орын алтын болды дейді. Әсіресе, жұмыс күндері.
Мұрат Бажбенов- №45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары
«Біздің қаладағы жүргізушілер өртке шыққанда санаулы уақыт қой бізде. Ол обедтің кезінде зауыттан шыққан машиналар 12-нің кезінде, содан кейін сағат 5-тің кезінде час пик дейді сол кезде көп жол бермейтіндер болады».
Рейдтің алғашқы минуттарында жүргізушілердің немқұрайлығы бірден байқалды. Ленин көшесінің бойында көлік иелері қатты дабылды естігенімен, құтқарушыларға жол бере қоймады. Алайда, бұл жағдайда рөлді тізгіндегендер жолдың шетіне тоқтай қалу керек еді.
Алмас Қалиашев-Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Арнаулы көліктердің дауыстарын естіген бете көлік жүргізушілері жол шетіне тоқтай қалулары керек. Мамандарға міндетті түрде жол беру керек. Ал егер оларға жол бермеген жағдайда жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады».
Бір сағатқа созылған тексеріс барысында арнаулы көлікке жол бермеген 3 жүргізуші жауапқа тартылды. Жол ережесін бұзғандарға 22700 теңгеден айыппұл салынады. Енді бұдан былай жүргізушілер адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға асыққан қызметке құрмет көрсетеді деген үміт бар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login