Алматыдан солтүстік батысқа қарай 547 километр қашықтықта жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері Алматы уақытымен 14 сағат 08 минут өткенде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Today.kz «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.
Магнитудасы 4 балдық жер сілкінісінің ошағы Қарағанды облысында орналасқан. Дүмпу Ақтоғай ауданы мен Ақшатау кентінің арасында 15 км тереңдікте байқалған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login