Құрметті досымыз Слямов Мұрат Әбенұлын 45 жас мерейлі мерекең құтты болсын! Басыңа бақ келіп қонып, мерейің үстем болсын. Жанұяң, бала-шағаң аман болып, шаңырағыңа қуаныш пен шаттық толсын! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-берек тілейміз!Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ жасай беріңіз.
Дос-жаран мен туған туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз! Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңда бақыт құсы сайрап, сәулетіңе сай дәулет орнасын деп тілейміз.
Жақсы ниет, нұр ниет қабыл болсын,
Ақ көңілге әрдайым жаның толсын.
Әрқашанда пәк көңілің гүлдей жайнап,
Жан жүрегің күн нұрындай ашық болсын.
Елу мен алпыстада нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың,
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта,
Немере-шөберелі шал болғайсың.
Т/б: достары: Нұрлан – Салтанат, Талғат – Меңдігүл.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login