Еске алу

Саяқ кенті №6 мектеп түлектері өмірден озған сыныптастарымызды еске аламыз. Оқу бітіргенімізге 20 жыл болды.

 

Өмірбекова Гүлнұр Бақытқызы

Мұратұлы Ержанат

Қанабеков Қанат Дәуренбекұлы

Қайшыбаев Ержан Әділжанұлы

Торымханұлы Әскербек

 

Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,

Жанға жара салатұғын, басқа мұң.

Сағынышпен еске аламыз өздеріңді,

Жастайынан бірге жүрген сыныптастарың.

 

Бақ жұлдыздарың ерте сөнді көгіңде,

Қимайтұғын достарымыз едіңдер өлімге.

Жатқан жерлерің жайлы болып, торқалы,

Орындарың болсын пейіштің қақ төрінде!

 

Ойнақтап бірге өсіп-ек,

Армандап зор болашақ…

Кеттіңдер сендер ерте ортадан,

Қымбатты біздің сыныптастарымыз…

 

Сағынып еске аламыз,

Балауса сол бір жастық шақ.

Пәк бейнелерің қалды көңілде,

Сапарға кеттіңдер оралмас.

 

Еске алумен бүгін сендерді аңсадық,

Өткен күнді жабырқаумен сағындық.

Сағынамыз, не шара бар бұл тағдырға,

Кеттіңдер, келмейсіңдер сендер біздің ортаға.

Еске алушылар: 1997 жылы мектеп бітірген сыныптастары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать