Аяулы сіңліміз Садырбаева Зарина Сабыржанқызы! Сені бүгінгі мектеп бітіруіңмен құттықтаймыз!
Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа. Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспіз! Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңе тілектеспіз!
Бақ берсінші өмірің тек басыңа,
Денсаулығың мықты болсын тасына.
Азамат бол «елім» деген қайырымды,
Жан боташым, қиындықта жасыма.
Қиындыққа моймайтын қамал бол,
Жақсылыққа, кісіліке таман бол.
Ел қызығар, қылықты бол, сүйкімді,
Тіл көзбенен жалалардан аман бол.
Ақ тілекпен: әжесі — Қаншайым, Мұрат- Салтанат, Марат — Гүлжанат, Арман — Айсұлу, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login