Аяулы бауыр, қадірлі аға Өміржанұлы Сәттар! Сізді бүгінгі 60 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, асқақ арман, келінім, жеңгеміз Бибіғайша екеуіңіз бауырларыңыз бен балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беруіңізге тілектеспіз.
Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,
Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.
Құлатай баба рухы қолдап әркез,
Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.
Пейілің кең ешқашанда жұтамас,
Қонақ келсе төріңді ұсын, құшақ аш.
Бауырларың – жал құйрығың, қанатың,
Қанаты жоқ қыран көкке ұша алмас.
60 деген алып тауға жеттіңіз,
Сайрап жатыр артыңызда соқпақ жол.
Небір асу белден батыл өттіңіз
Шықса да алдан шырмауы коп томпақ тор.
60 жас «Алтын тойың» құтты болсын,
Бақ, береке, қуаныш үйге толсын!
Жиналып, туған-туыс, бауырларың,
Алдағы ғұмырыңыз нұрға толсын!
Т/б: апасы, інісі-келіні, қарындастары, күйеу балалары, балалары, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login